Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе

0
951

Соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.


Көлігі өртенген қазақстандықтар кредитін әрі қарай төлеуі керек пе

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлігі өртенген қазақстандықтар не істеуі керектігін айтты, деп жазады sputnik.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер агенттік өкілінен тәртіпсіздіктер кезінде кредитке алған автокөлігі өртенген азаматтар не істеуі керек деп сұрады.

"Кредитке сатып алынған барлық автокөлік сақтандырылған. Әр келісімшартты жеке-жеке қарастыру қажет: төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздеме, ерекшелік бар, зерделеу керек. Сол себепті агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру жағдайы туындаған, бекітілген барлық сақтандыру полюсі бойынша төлемді іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдайды", - деді ол.

Терентьевтің айтуынша, егер банк төлем жасамаса, сақтандырылған әр қазақстандық сақтандыру омбудсменіне, сондай-ақ қаржылық қадағалау агенттігіне жүгіне алады. Олар әр азаматтың өтінішін қарайды.

Айта кетері, соңғы деректер бойынша Алматыдағы бүлік кезінде бизнеске 112,6 миллиард теңге шығын келді. Оның 1,9 миллиард теңгесі көліктерге тиесілі.