Кемелерге, шағын көлемді кемелерге, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі мен кемеге атау беріп, өзгерту тәртібі айқындалды.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті су көлігін бақылау және қадағалаумен айналысатын өңірлердегі бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен алқалы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда, кемелерге, шағын көлемді кемелерге, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі мен кемеге атау беріп, өзгерту тәртібі айқындалды.
Жиынға қатысушылар кемелер мен шағын көлемді кемелерді тексерудің тәжірибелік дағдыларын пысықтады.
Айта кетерлігі, бұл аумақтық органдардағы қызметкерлердің қатысуымен республикалық деңгейде 24-ші рет ұйымдастырылған отырыс.