Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

0
722

Кәсіпкерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып келген.


Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп жазады Zakon.kz.

"Басқарма басшысы мен оның қарамағындағы екі қызметкер 2021 жылдың басынан 2022 жылдың ақпан айына дейін автокөлік жолдарында кедергісіз жүріп-тұрғаны және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып келген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.