​«Көліктің айнасын ұрлау» оқиғасына видео түсіргендер көпке жақпады (видео)

0
1 464

Бейнежазбаны түсіргендерді қолдап, олардың ойын құптағандар бар.


​«Көліктің айнасын ұрлау» оқиғасына видео түсіргендер көпке жақпады (видео)

ERNUR.KZ. Көліктің айнасын ұрлау оқиғасына видео түсіргендердің әрекетін көпшілік жаратпай, әлеуметтік желіден алып тастауды ұсынды.

Ол бейнежазба инстаграм желісіне azilqoi аккаунтымен салынған.

«Ащы шындықты жазатын болсам өте көп қайсы бірін жазып отырамын,1мин-тық видеоға кәзіргі таңда болып жатқан жәйітті барынша сыйдырып түсірдік. Аман болайық баршамыз» деген мәтінмен бірге салынған бейнежазбаға пікір қалдырғандардың көпшілігі түсіргендердің бұл әрекеті дұрыс еместігін айтқан.

Бейнежазбаны түсіргендерді қолдап, олардың ойын құптағандар бар.

Жаратпағандардың басым көпшілігі оны мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің оқиғасымен байланыстырып, «келеке» ету деп түйді.

«Денисті келеке қылғандарың ғой», «Мазақ қылдыңдар ғой», «Мынаны алып тастаңыздар», «Мұны не үшін түсіріп жүр?», «Денистің ата-анасы көрсе ауыр тиеді деп ойламайсыздар ма?», «Түсірсеңдер осы уақытқа дейін қайда болдыңдар?» деген сынды пікірлер бір жақ болса, екінші тарап жігіттердің әрекетіне қолдау жасады.

«Бір жағынан жақсы видео, адамдар ойлансын деп шығарған ғой...екінші жағынан ұяттау болды», «Жұмыссыз жастар, кірейін десе ақша сұрайды... Сосын сандалып жүреді оңай жолмен ақша тауып», «Бәленің бәрі жұмыссыздық, ақша жоқтан шығады» дескендер де бар.

Видео әлеуметтік желіден алынды