Колледждер мен жоғары оқу орындары Алматыдан Қонаевқа көшіріледі

0
951

Әкімнің орынбасары жас мамандарға жұмыс болатынына да сенімді, өйткені Алматы облысын дамытудың ауқымды жоспарлары бар.


Колледждер мен жоғары оқу орындары Алматыдан Қонаевқа көшіріледі

ERNUR.KZ. Алматы облысы мен Алматы қаласының билігі бірқатар ЖОО-ларды Қанаевқа көшіру мәселесін пысықтап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев, жаңа орында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасалатынын атап өтті.

"Біздің ойымыз – университеттерді көшіру, олар үшін білім беруді ұйымдастыру үшін жақсы кампустар салу – студенттер жарты күн оқиды, жарты күн өндірісте жұмыс істей алады. Болашақта біз орта білім беруді дамытуға баса назар аударамыз. Бізде инженерлер, сантехниктер шеберлерді табу қиын", - деді Арслан Дандыбаев.

Әкімнің орынбасары жас мамандарға жұмыс болатынына да сенімді, өйткені Алматы облысын дамытудың ауқымды жоспарлары бар.

"Кірпіш зауытын саламыз, жалпы үлкен құрылыс алаңы болады. Қазір Алматыдан өндірісті, индустриалды аймақтарды "шығарамыз" деп жатырмыз. Қаланы жеңілдетуге көмек керек. Ал тұрғындарды облыстарға қайтарып, олардың өңірде тұрып, жұмыс істеуіне тиімді жағдай жасау керек", - деді әкімдік өкілі.

Билік мегаполистегі өмір сүру жағдайы мен баспананың әлдеқайда қымбат екенін ескере келе, жоғары оқу орындары мен колледждердің өңірге көшірілуі де оң әлеуметтік нәтиже беретініне сенімді.