Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады

0
591

Тыйым осы жылдың 26 қарашасынан бастап алты ай мерзімге ұзартылады.


Көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан аумағынан көмірді автомобиль көлігімен әкетуге салынған тыйым мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

Мұндай шара жылыту маусымында көмір тапшылығын болдырмау мақсатында қолданылып отыр.
"Тыйым осы жылдың 26 қарашасынан бастап алты ай мерзімге ұзартылады", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда:
тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);
лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).
Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салу мәселесі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, қолдау тапты.