​Коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне жол берілмейді

0
1 490

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлейменов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.


​Коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне жол берілмейді

сурет:domsovet.tv

ERNUR.KZ. Елімізде 2020 жылдан бастап коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне жол берілмейді, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүйлейменов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, министр Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесіп, Жолдауда айтылған басымдықтарды сөз етті. Шара барысында коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларындағы тариф пен тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы кеңінен талқыланды. Тимур Сүйлейменов монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілетінін алға тартты. Сәйкесінше, табиғи монополияларды реттеу саласында ашықтық пайда болмақ. Бұл тұрғыда тұтынушыларды қорғау ұйымдарының жұмысына қолдау көрсетілмек. Тимур Сүлейменовтың мәліметінше, елімізде 160 ұйым тіркелсе, оның 30-дан астамы ғана нақты еңбек етуде. Сол себепті, үкіметтік емес бірлестіктерге қолдау көрсету тетіктері де қарастырылмақ.

Тимур Сүйлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұған дейін инвестицияларды тартқан электрөндіруші және электротаратушы кәсіпорындарға тарифтерді көтеруге рұқсат берілді. Осылай болмағанда, инфрақұрылым ескіріп, қиындықтар туындауы мүмкін екені анық. Біз тұтынушы ретінде зардап шегер едік, бұл экономикамызға да кері әсерін тигізер еді. Монополистер 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйды. Бұл кезең аяқталды, енді 2020 жылға қарай тарифтерді көтермеуге мүмкіндік туады. Себебі негізгі технологиялық мәселелер шешілді.

Еркебұлан Жүнісов, кен орнының инженері:

– Халықтың тұрмысын көтеру үшін пәтер алуға жеңілдіктер жасалып жатыр. Оның барлығы бізге көп көмегін тигізеді. Екібастұз бен Богатырь кеншілері қолдау ретінде биыл 44 млн тонна көмір артамыз. Оның 70% Қазақстанға, 30% Ресей Федерациясына жіберіліп жатыр. Елбасының Жолдауын қолдаймыз.