Жедел-құтқару жасағы жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады.
ERNUR.KZ. Қонаевтағы демалыс аймағында туыстарымен жүрген 2015 жылы туған қыз белгісіз жағдайда жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бала медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.