Ол енді ұлына алимент төлейді.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан екі баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды, деп жазады Inbusiness.kz.
Анасынан зорлық-зомбылық көрген Артем Лебедев кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған.
Полиция отбасының тұрмысын тексеріп, екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанына көз жеткізгеннен кейін сот 9 жастағы Артемнің анасы Светлана Лебедеваны ата-ана құқығынан айырды. Ол енді баласына алимент төлейді.
Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Азамат Мұхтарұлы ақша баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатынын айтты.
“Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығы болып табылатындығын басшылыққа ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылады”, – деді ол.