Жүректің түрлі ауруы кеуде тұсының ауырсынуы, жүрек соғысының жиілеуі, естен тану немесе бас айналу түрінде біліне бастайды.
ERNUR.KZ. COVID-19 пандемиясына байланысты жүрек аурулары егде жастағы адамдарда ғана емес, жастар арасында да жиі кездесе бастады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Коронавирусты жұқтырған бастапқы кезеңнің өзінде қан айналымы бұзылуы және жүрек бұлшық еті қабынуы мүмкін. Бұл туралы Калифорния университетінің кардиологы, медицина ғылымдарының докторы Ниша Парих мәлімдеді.
«Коронавирустан жазылғаннан кейін де жүрек ауруы адам бойында қалуы мүмкін. Ол кеуде тұсының ауырсынуы, жүрек соғысының жиілеуі, естен тану немесе бас айналу түрінде біліне бастайды. Коронавируспен ауырғандарда кейде жүрек бұлшық етінің қабынуы кездеседі» - дейді ғалым.
Сонымен қатар, дәрігер COVID-19-дың эндотелийді, яғни қан тамырларының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін екенін ескертеді. Ал ол өз кезегінде тромб түзілуінің қаупін арттырады.