Індет жұқтырған 1 676 адамның жағдайы ауыр.
1 тамызда Қазақстанда коронавирус және КВИ пневмониясынан 102 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 22,
Алматы - 8,
Шымкент - 18,
Ақмола облысы - 7,
Ақтөбе облысы - 2,
Алматы облысы - 6,
Атырау облысы - 8,
Жамбыл облысы - 3,
БҚО - 5,
Қарағанды облысы - 4,
Қызылорда облысы - 1,
Маңғыстау облысы - 9,
Павлодар облысы - 7,
Түркістан облысы - 2.
Ведомствоның 2 тамыздағы мәліметі бойынша, 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 676 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр. 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.