Дәрігерлердің сөзінше, дәл қазіргі уақытта ағзаға күш салуға болмайды.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер, коронавируспен ауырып жатқан науқастар ыстық тамақ пен салқын су ішпегені дұрыс деп отыр. Сондай-ақ, қорытылуы қиын, асқазанға ауырлық ететін барлық тағам түрлерінен бас тарту керек екен, деп жазады Stan.kz.
Дәрігерлердің сөзінше, дәл қазіргі уақытта ағзаға күш салуға болмайды.
Науқасқа тамақты қатты ысытпай, суытып та алмай, жылы күйінде ішкен абзал. Сондай-ақ, сорпаны іше бермей, ет пен қамырды майдалап турап, пісіру керек. Себебі, мұндай тағам қуат беріп, ағзаның вируспен күресуіне көмектеседі.
Сонымен қатар, науқас шайды да ыстық күйінде ішпеуі керек. Ал жемістің кез келген түрін жей беруіне болады, әсіресе құрамында С витамині көп лимон, апельсин сияқтыларды жиі пайдалану керек.
Коронавирус жұқтырғандарға тойып тамақ ішуге де болмайды, аз-аздан бірақ жиі тамақтану керек.
Дәрігерлердің сөзінше, ақуызға бай балық, ет, ірімшік және сүт өнімдерін жиі жеген жөн. Ал соя қосылған, ащы және тұщы тағамды жеуге болмайды.
"Қазіргі таңда науқастар сарымсақ өнімін көп қолданады. Оның пайдасынан гөрі залалы көп болады. Ол қосымша аурулар туғызуы мүмкін. Көптеген асқынуларға алып келеді", - деді дәрігер Мақсат Жомартбекұлы.