Коронавирустың өршуіне байланысты Астана күні тойланбайтын болды

0
564

Қалада КВИ-дің таралу қарқыны 2,8 есеге өскен.


Коронавирустың өршуіне байланысты Астана күні тойланбайтын болды

ERNUR.KZ. Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуы қарқын алғандықтан бірнеше өңір «қызыл» аймаққа өткен болатын. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласы да бар. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігері Астана күнін тойлауға тыйым салды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бас санитардың сөзінше, қала тұрғындары карантин талаптарын сақтамайды. Үй жағдайында оқшауланғандар да талапқа салғырт қараған. Содан да болар, КВИ-ді жұқтыру көрсеткіші 2,8 есеге артыпты.

Инфекциялық ауруханаларға күніне орта есеппен 150-200 адам жатқызылады. Ал, тәулігіне 350-ден 620-ға дейін кеселге шалдыққандар анықталуда. Қаланың бас дәрігері, орын тапшылығы бола ма деп қорқып отыр. Өйткені емдеу мекемелеріндегі төсек орынның 70%-ы толып қалған.