Көршісінің 30 банкасын ұрлаған адам соттан бір-ақ шықты

0
1 215

Сот бос банкаларды иесіне қайтарып, айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қаулы шығарды


Көршісінің 30 банкасын ұрлаған адам соттан бір-ақ шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 59 жастағы ер адам сотқа келді. Ол көршісінің бос банкаларын ұрлап кеткен, деп жазады kerek-info.kz.

Сот материалдарына қарағанда, оқиға қыркүйек айында Мәртөк ауданының Шаңды ауылында болған. Ер адам түн ортасында көршісінің ауласына кіріп, гаражына шегеленген тақтайды жұлып алады. Соңыра оның ішіне кіріп, әр түрлі сыйымдылықтағы 30 банканы ұрлап кетеді. Соның нәтижесінде жәбірленушіге 5500 теңгеге жуық материалдық шығын келген.

Сот отырысы кезінде айыпталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласты. Ер адам материалдық және моральдық шығынды толықтай өтегенін айтты. Мәртөк аудандық сотының судьясы Е. Нуршарыпов бос банкаларды иесіне қайтарып, айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қаулы шығарды.