Жәбірленушінің (иттің иесі) азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылып, келтірілген материалдық залалды сот оның пайдасына өндіріп алды.
ERNUR.KZ. Атырауда сот көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырау тұрғынына үкім шығарды, деп жазады baq.kz.
Сот оны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінде ер адам өз кінәсін мойындағасын, іс материалдары қысқа мерзім ішінде сотқа жіберілді деп түсіндірді.
Сонымен қатар, жәбірленушінің (иттің иесі) азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылып, келтірілген материалдық залалды сот оның пайдасына өндіріп алды.