Көшедегі куәгерлер оқиға орнына бірден полиция шақырған.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында көшеге жалаңаш күйде шығып, елдің үрейін алған ер адам полицияның қолына түсті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының Майқұдық елді мекенінде 38 жастағы ер адамның көшеге жалаңаш шыққан әрекеті тұрғындарды шошытқан. Көшедегі куәгерлер оқиға орнына бірден полиция шақырған.
"Патриот" ақпарат көзі жазғандай, қала тұрғындарын таңғалдырғаны ер адамның жалаңаштығы ғана емес, оның суық ауа райына шыдамдылығы болды. Оқиға кезінде Қарағандыдағы ауа температурасы 10-12 градус шамасында болған.
Көшедегілер дереу полиция шақырып, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, оның жеке басын анықтау үшін бөлімшеге жеткізді.
«38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды», деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.