Қостанай облысына жалған құжатпен 83 ауыржүктасығыш автомобиль әкелінген

0
853

Тасымалдаушылар бастапқы тіркеу сомасын заңсыз жолмен 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендеткен.


Қостанай облысына жалған құжатпен 83 ауыржүктасығыш автомобиль әкелінген

ERNUR.KZ. Қостанай облысында бастапқы жарнасы төленбеген 83 ауыржүктасығыш автомобиль заңсыз тіркеуге қойылған, деп жазады sputnik.kz.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мемлекетке 591 млн теңге шығын келтірілген.
"Қостанай облысының бірқатар тұрғыны 2020-2023 жылдар аралығында шығарылған жылы туралы жалған ақпарат енгізілген шет мемлекеттердің техпаспортын пайдаланып, ершікті автомобиль-тартқыштарды Еуропадан Қазақстан аумағына әкелген", - дейді ведомство.
Яғни, бастапқы тіркеу сомасын 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендеткен.
Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген.
"Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді", - дейді агенттік.
Сот санкциясымен көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.