Қостанай облысында ауруханада 10 айлық бала көз жұмды

0
197

Бала ауруханаға демікпемен түскен.


Қостанай облысында ауруханада 10 айлық бала көз жұмды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға бір күн бұрын белгілі болды: бақилық болған баланың анасы әлеуметтік желіде Қостанай облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде 10 айлық баласы қайтыс болғаны туралы жазба қалдырған. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді, деп жазады inform.kz.

Әйел нәрестенің өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болғанын жазды: бала ауруханаға демікпемен түскен. Анасының айтуынша, оған нақты диагноз қою мүмкін болмады. Бөлімшеде бірнеше күн жатқан бала жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл фактіге Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

— Денсаулық сақтау басқармасы Қостанай облыстық балалар ауруханасында көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Осы іске байланысты денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеру басталды. Сондай-ақ оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілетінін хабарлаймыз. Сараптама нәтижелері мен медициналық фармацевтикалық қызметтің сапасы, бақылау комитетінің (ҚҚМДБ) қорытындысы ұсынылады, - деп хабарлады ведомство.

Қостанай облысының полиция департаменті түсінікті кейін беруге уәде етті.

Бұған дейін Алматы облысында жан түршігерлік оқиға болған еді. Онда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды.