Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

0
683

Олардың екпе алмағаны белгілі болды.


Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғандары бір жастан беске дейінгі балалар, деп жазады inbusiness.kz.

Балалар бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны атап өтілді. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан.

"Көкжөтел - Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмал жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және жүйке жүйесі зақымдалады", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін. Ең тиімді профилактикалық шара - екпе алу. Вакцинация ата-анасының рұқсатымен балаларға жүргізіледі.