Бүгінгі күнге дейін Қостанай облысында бір де бір коронавирус инфекциясы тіркелмеген еді.
Жедел штаб коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелгенін мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 3 адам, Қостанай облысында - 1 адамнан қауіпті вирус анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осы сағатта жалпы 460 науқас тіркелді:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам,
Алматы қаласында – 93 адам,
Қарағанды облысында - 22 адам,
Ақмола облысында - 19 адам,
Атырау облысы - 20 адам,
Жамбыл облысында - 8 адам,
Шымкент қаласында - 11 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам,
Алматы облысында - 9 адам,
Ақтөбе облысында - 7 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 1 адам,
Қызылорда облысында - 26 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 19 адам,
Қостанай облысында - 1 адам.