Қостанай облысының тұрғыны итке пышақ сұғып, азаптаған

0
177

Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды.


Қостанай облысының тұрғыны итке пышақ сұғып, азаптаған

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан ер адамды ұстады, деп жазады inform.kz.

Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған.

— Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Сондай-ақ, елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға түзетулер әзірленгені белгілі болды.