Қостанай облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында бірқатар карантин шектеуі жеңілдетілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Қостанай облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша бірқатар карантин шектеуі жеңілдетілді.
«Барлық нысандарындағы және ведомстволық ұйымдардағы әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау, күнделікті кірер алдындағы байланыссыз термометрия талаптары алынып тасталды. Ал білім беру мекемелерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу сондағы әкімшіліктің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады», - делінген құжатта.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа өткен жағдайда бұл талаптар қайтадан күшіне енеді.