Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

0
1 119

3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды таратқан.


Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжінің екі студентіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатумен айналысты, деп жазады sputnik.kz.

Сот материалдарына сәйкес, 3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды Қостанайда ғана емес, Петропавл қаласына дейін барып сатқан. Екеуі қаңтар айында ұсталды. Олар психотроптық заттардың буып-түйіп, үйлердің кіреберістеріне, пошта жәшіктеріне және тағы басқа жасырын жерлерге тығып таратқан. Осылайша, төрт ай бойы табыс тапты.Олардың "Кураторы" да болған. Ол бәрін қашықтан басқарып, мессенджерлер арқылы тапсырып беріп отырған.
Студент қыздарды ұстау кезінде 50 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерден тағы 192 грамм синтетикалық есірткі шықты. Заң бойынша тәркіленген есірткі заттары ірі көлем болып саналады.
Екі студент қызға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.