Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Қостанайда 3-курс студенттері төрт ай бойы белгілі бір "куратордың" қол астында істеп, есірткі таратқан, деп жазады stan.kz.
19 жастағы қыздарды қаңтар айында полицейлер ұстады. Оларда 50 орама болды.
Студенттердің пәтерінде синтетикалық есірткі пакеті табылып, тәркіленген.
Тергеу мәліметтері бойынша олар Петропавлға таксимен барып, есірткіні тасыған. Ал қыздар жауап алу кезінде басқа қалаға қонаққа барғандарын мәлімдеді.
Олардың соты А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің акт залында студенттердің көзінше өткен.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын орта қауіпсіздік колониясында өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.