Олар 35 және 63 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел.
ERNUR.KZ. Қостанайда итті аяусыз өлтірді деген үш күдікті ұсталды, деп жазады Stan.kz.
"Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тергеу басталды. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен үш қостанайлық ұсталды. Олар 35 және 63 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда белгісіз біреулер мөшекке салынған итті балғамен ұрған. Қостанай тұрғыны өзінің инстаграм парақшасында бақылау камераларынан түсірілген видеоны жариялады.
Кадрларда екі ер адамның итті мөшекке салып алып бара жатқанын көруге болады.