Қостанайда көшеден нәресте өлі табылды

0
1 016

​Қостанайда 37 жастағы ер адам жаңа туған нәрестені өлі күйінде тауып алған.


Қостанайда көшеден нәресте өлі табылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінен хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сәуірдің 18-і күні кешкі сағат 17:00 шамасында Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысында, "Бүркіт" базарының аумағынан нәресте салынған пакет табылған.

"37 жастағы ер адам жаңа туған нәресте салынған пакет тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жаңа туған нәрестенің өлі екенін анықтаған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабында "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны нақтыланды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып жатыр.