Ата-анасы балаларды қараусыз қалдырған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері 3 желтоқсан күні кешке Денисов ауданы Фрунзенское ауылында екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиға туралы баяндады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаевтың айтуынша, кеше түстен кейін Фрунзе ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. 12 шаршы метрді құрайтын жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенген. Ата-анасы көрші Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Бұл уақытта үйде екі бүлдіршін: төрт жасар Екатерина және екі жасар Кирилл қалған.
«Екі баланың денесін ата-анасы анықтаған. Олар өрт болған жерге бірінші болып келген. Зардап шеккен балаларды каустикалық түтінге толы үйден ерлі-зайыптылар жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізді. Ол кезде балалардың жағдайы қалыпты болған. Алайда, сағат 17:15-те дәрігерлер олардың клиникалық өлімін анықтады, балалар ес жимастан көз жұмды. Өрт 17:11-де сөндірілді. Оқиға орнына мемлекеттік өртке қарсы қызмет шақырылмаған. Өрттің ықтимал себебі ретінде мамандар балалардың отпен ойнауын қарастырады. Алдын ала болжам бойынша балалардың өлімі уланудан болған. Оқиға орнына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық ТЖ өкілі қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты», - дейді ол.
А.Орымбаев ата-аналардан жас балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.