Қостанайдағы өртте көз жұмған 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
277

Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткен еді.


Қостанайдағы өртте көз жұмған 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Қостанай облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы 5 баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп жазады stan.kz.

Қостанай облыстық прокуратурасының Buzyq Telegram арнасына берген жауабында өрт кезінде қаза тапқан балалардың анасы 5 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. Қазір қылмыстық кодекстің “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткен еді. Өртке оранған үйде 13, 8, 6, 7, 2, 1 жасар бес бала қалып қойған. 13 жастағы бала зардап шекпеген. Бас прокурор өрттің шығуына пештің қараусыз қалуы себеп болғанын айтты.