Қостанайлық сегіз жасар қыздың үстіне әткеншек құлап кетті

0
608

Баланың басы бірнеше жерден тігілген.


Қостанайлық сегіз жасар қыздың үстіне әткеншек құлап кетті

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында орталық аулалардың біріндегі балалар алаңында сегіз жасар қыздың үстіне әткеншек құлады, деп жазады zakon.kz.

"Алау" басылымының мәліметінше, баланың басы бірнеше жерден тігілген. Жәбірленушінің анасы оқыс оқиғаның 6 қыркүйекте болғанын айтады.

Айта кетейік, ойын алаңы үш жыл бұрын ғана қолданысқа берілген.

"Әткеншек құлаған күйі жатыр. Енді ата-аналар бұл аулаға балаларын жіберуге қорқады", - дейді ата-ана.

Ата -аналар бұл факт бойынша құқық қорғау органдарына арыз жазды, бірақ оларға әлі жауап берілмеген.

"Восход"КИК төрағасы Ғалия Исмаилова жұмысшыларды тексеруге жібергенін, егер әткеншек жөндеуді қажет етсе, бірнеше күн ішінде оның қалпына келтірілетінін айтты.