Костенко шахтасындағы трагедия: Кеншілердің кейбірі әлі де ауруханада жатыр

0
742

28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды.


Костенко шахтасындағы трагедия: Кеншілердің кейбірі әлі де ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апаттан кейін жеткізілген 4 кенші әлі де ауруханада жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, медицина қызметкерлері олардың жағдайын орта және жеңіл деңгейде деп баға береді.

– Пациенттерге қажетті медициналық көмектің бәрі көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.