ҚР ИИДМ аяқ киімді таңбалау құнын белгіледі

0
647

Бұйрық 2023 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.


ҚР ИИДМ аяқ киімді таңбалау құнын белгіледі

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын сәйкестендіру құралы, бақылау (сәйкестендіру) таңбасының құнының шекті мәні белгіленді, деп жазады zakon.kz.

"Аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) таңбасының, сәйкестендіру құралдарының құнының шекті құны қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.

Бұйрық 2023 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау жүйесі жұмыс істей бастады. Оны іске қосу бір жыл бұрын жоспарланған болатын, бірақ кәсіпкерлер жаңа ережелерге бейімделу үшін көбірек уақыт сұрады. Қадағалайтын мемлекеттік органдар жеңілдік жасап, кәсіпкерлерге қосымша бір жыл берді.

Қазақстанда 2019 жылдың 30 маусымы мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жобаға аяқ киім айналымына 19 қатысушы – 5 өндіруші-дистрибьютор қатысты.