ҚТЖ 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жолды жаңғыртады

0
206

​Қазақстанда темір жолды жөндеу кесте бойынша жүргізілуде.


ҚТЖ 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жолды жаңғыртады

фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Наурыз айында басталған ҚТЖ желісіндегі ауқымды жөндеу-жол жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы теміржолшылар 1480 шақырым магистральды жаңартуды жоспарлап отыр.

Теміржолшылардың кестесінде – жолға күрделі, күшейтілген орта және орта жөндеу жүргізу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, рельс тіректері мен табандарын үздіксіз ауыстыру, сондай-ақ тасымалдардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-шаралар. Жұмыстар арнайы жол техникасын (Duomatic, Unimat MF, түзету-ұсақтау-рихтау машиналары, рельсті тегістеу пойыздары және т.б.) пайдалана отырып жүргізіледі.

Бүгінгі таңда күрделі жөндеумен, ең күрделі және еңбекті қажет ететін Павлодар, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелері шекараларында бірнеше учаскелер қамтылды. Бұнда жол шаруашылығы қызметкерлері ескі рельсті шпал торын бөлшектеп, жаңасын төсейді. Жалпы Қазақстан бойынша ағымдағы жылы 512,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Жалпы, 2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым темір жолды жаңғыртады. Жоспарланған көлемнен 2800 шақырымнан астам теміржол жөнделді (2023 жылы 1443 км; 2024 жылы 1430 км).