ҚТЖ: Сұрған станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

0
261

Бір күн бұрын Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын.


ҚТЖ: Сұрған станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Сұрған стансасында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Апаттың салдары дер кезінде жойылды. Есіл және Тобыл стансаларынан екі қалпына келтіру пойызы, бес техника және 96 адам жұмылдырылды. Түнгі уақытқа қарамастан жұмыс тоқтаған жоқ", - деп хабарлады компания.

Оқиға орнында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның комиссиясы пойыздың рельстен шығу себебін анықтауға кірісті.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын.
" 9 қазан сағат 17-ден 40 минут өткенде Есіл – Құсмұрын учаскесінің Сұрған стансасында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кетті. Қаза болғандар жоқ",- деп хабарлады ҚТЖ.