Желіде құжатты ауыстыру керектігі туралы ақпарат тарады.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
- мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.
Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.