Мәжіліс Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

0
216

Кодекс жобасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту, салықтық жеңілдіктер қарастырылған.


Мәжіліс Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 9 сәуірде палатаның жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттары Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады zakon.kz.

Кодекс жобасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту, салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі банк секторы үшін 25%, ойын бизнесі – 25%, әлеуметтік сектор – 10%, өңдеу өнеркәсібі – 10%, ауыл шаруашылығы – 3% болады. Базалық мөлшерлеме 20% деңгейінде қалады. Қолданыстағы арнаулы салық режимдері үшке қысқарады: оңайлатылған декларация негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

Жеке тұлғаларға салық салу бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату ұсынылып отыр. Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 30 АЕК мөлшерінде жалақыдан базалық салық шегерімін белгілеу көзделген.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелерден түскен табыстарына салық салу тәртібі қайта қаралуда және 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық сомасы 30%-ға, ал 20 жылдан асқан автокөліктер үшін 50%-ға азайтылуда.