ШЫМКЕНТ: Абай ауданында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өтті

0
360


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу өтті

Үшінші мегаполисте Абай ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша психолог орталығының психолог мамандарымен бірлесіп №83 және №137 гимназия мектептерінің оқушыларымен «Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ашық форматта кездесу өткізілді.

Кездесу барысында психолог мамандар оқушыларға жиі кездесетін психологиялық қиындықтар, олардың себептері мен оның шешу жолдарын айтып жеткізді.
Сондай-ақ психологиялық көмек алу жолдары, дағдарыс кезінде өзін-өзі ұстау тәсілдері және құқықтық қауіпсіздік мәселелері де кеңінен түсіндірілді.
Кездесу мақсаты- жастарды бүгінгі қоғамды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, қиын жағдайларда көмекке жүгіну мәдениетін дамыту, сонымен қатар сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды және оқушылар арасында тренинг ойындар өткізілді. Сонымен бірге суицидтің алдын алу бойынша «1310» нөмірі Call- орталығына іске қосылғаны оқушылар назарына ұсынылды.
Бөлісу