Қуандық Бишімбаевқа кесілген сот үкімі қайта қаралады

0
369

13 мамырда атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қуандық Бишімбаевқа кесілген сот үкімі қайта қаралады

ERNUR.KZ. 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді, деп жазады baq.kz.

Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады.

Еске салсақ, былтырғы жылдың қараша айында экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінді.

Тергеу амалдары наурыз айына дейін жалғасты. Ал сот отырыстары наурыздан мамыр айына дейін болды.

13 мамырда атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.