Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруға бола ма

0
592

Қуандық Бишімбаевтың бірінші некесінен бір, екінші некеден үш баласы бар.


Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруға бола ма

ERNUR.KZ. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін бе, деп жазады zakon.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зұлқайыров тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстелде бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме берген жоқ. Бірақ ол ата-ана құқығынан айыру мәселесінде мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық және отбасы мүшелерінің біріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің әрбір оқиғасы бойынша ішкі істер органдары бізге келіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлайды, олар кейіннен бізбен және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін қарайды. Отбасы, оның ішінде қажет болған жағдайда ата-ананың біреуінің ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сұрақтар", - деп жауап берді Ренат Зұлхайыров.

Қуандық Бишімбаевтың бірінші некесінен бір, екінші некеден үш баласы бар.

2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.

2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

Кейін Ішкі істер министрлігі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қоса, "Азаптау" бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.