Олардың арасында жасөспірімдер де бар.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Атырау облысының Құлсары қаласында адам шошырлық жол апатынан бес адам зардап шекті, олардың арасында жасөспірімдер бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Белгілі болғандай, 17 сәуір күні сағат 02:10 шамасында Құлсары қаласында 2005 жылы туған жүргізуші Hyundai Elantra маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Toyota Camry және ВАЗ-2115 автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі мен салонда отырған 2005 және 2006 жылы туған жолаушылары, сондай-ақ 2007 жылы туған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен 1983 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі – абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.