Сынап бағаны 17 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Алдағы демалыс күндері Солтүстік-батыс антициклон өзімен бірге салқын, бірақ құрғақ ауа райын әкеліп, Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына әсер ете бастайды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 17-25 жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарына Таймыр аудандарынан суық ауа келуін жалғастыруда, ол төмен ауа температурасын сақтайды", - дейді синоптиктер.