Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалды.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында құтқарушылар 19 адамды балшықтан алып шықты, деп жазады sputnik.kz.
Сенбі күні түнде жауған қатты жаңбыр топырақты шайып кетіп, салдарынан Новое Завидное көлінде демалып жатқан қостанайлықтар балшыққа батып, көліктері тұрып қалған.
Құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты.