Қырылған итбалық саны 400-ден асты

0
205

Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан өткен аптада — 289 өлі итбалық жиналды.


Қырылған итбалық саны 400-ден асты

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылды, деп жазады zakon.kz.

Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан өткен аптада — 289 өлі итбалық жиналды. Енді бүгін 121 өлексе анықталған.

Аймаққа Алматы қаласынан микробиология және вирусология институтының мамандары келіп, итбалықтардан сынамалар алуда.

Айта кетейік, құзырлы органдар су жануаларының неден қырылып жатқанын ресми түрде әлі жарияламады.

Себебі, зерттеу қорытындылары шықпаған.