12-22 қаңтар аралығында Американың Лейк-Плэсид қаласында ХХХ Бүкіләлемдік қысқы универсиада өтеді.
ERNUR.KZ. Оған Қазақстаннан 78 студент қатысады. Студенттер спартакиадасында әлемнің 50 елінен 1443 спортшы бақ сынайды, деп жазады inbusiness.kz.
Лейк-Плэсид қаласының ареналарында спорттың 12 түрінен 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттік спорт тарихында біздің спортшылар 2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
6 жыл бұрын қазақстандық студенттер спорттың ір түрінен 36 жүлдеге ие болды: 11 алтын, 8 күміс және 17 қола. Командалық медальдық есепте Қазақстан 71 медаль ұтқан ресейліктерге ғана жол берді.