"Қытай мен орыс тілінде": ҚР жол жүру ережесі кітабы көпшіліктің ашуына тиді (видео)

0
2 524

Кітап Алматы қаласында басылып шыққан.


фото: видеодан скринделген

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының жол жүру ережесі кітабына қатысты видео жарияланды. Видео авторы жол жүру ережесі кітабының қазақ тілінде жазылмағанын көрсеткен.

"Қазақстан Республикасының жол жүру ережесі кітабы - 2019 жыл. Қазақстанның жол ережесі болса да кітап Қытай және орыс тілдерінде жазылған. Кітап Алматы қаласында шығарылған. Жартысы қытай тілінде, жартысы орыс тілінде, ал қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ. Бұны қалай деуге болады?" - дейді видео авторы.

Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушыларының да ашуын тудырған.

"Масқара! Қазақша нұсқасы қайда?", "Шығарған баспаxананы өртеп жіберу керек", "Шығарған баспаханаға апарып беру керек, қазақшасын шығарып бер деп талап қою керек", "Бұл кітаптың авторынан түсініктеме талап ету керек", "Қазақшасын бірінші жазбайма екен? Масқарааа-ай!", - дейді ашулы жұрт.


ERNUR.KZ