Қытайдан келген дәрігерлер еліміздің қай өңірлеріне барады

0
711

Олар Қазақстанда 15 күн шамасында болады.


Қытайдан келген дәрігерлер еліміздің қай өңірлеріне барады

ERNUR.KZ. Қытай Халық Республикасынан келген дәрігер мамандар Нұр-Сұлтан қаласында 5 күн, Алматы және Қарағанды қалаларында 5 күннен болып, жергілікті дәрігерлер мен мамандарға тәжірибесімен бөліседі, деп жазады "Хабар24".

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Қытайдан келген мамандадың арасында инфекционист дәрігерлер, пульмонологтар, эпидемиологтар, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігерлері мен мейірбикелер бар. Олар Қазақстанда 15 күн шамасында болады.