​Қызға қырындаған: Нұр-Сұлтанда қарындасын қорғауға келген жігітті белгісіз азаматтар ұрып тастаған (видео)

0
808

Полицейлер әлі күнге дейін төбелеске кінәлілерді таба алмауда.


​Қызға қырындаған: Нұр-Сұлтанда қарындасын қорғауға келген жігітті белгісіз азаматтар ұрып тастаған (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қарындасын қорғауға келген 19 жастағы жігітті белгісіз азаматтар ұрып тастаған, деп жазады stan.kz

9 қараша күні елордада 17 жастағы екі бойжеткен қала орталығындағы "Керуен" сауда орталығында болған. Сол жерде оларға бейтаныс жігіттер тиісе бастаған және кейіннен оларды қорғау үшін ағасы келген.

Қыздардың бірі өзінің 19 жастағы ағасына қоңырау шалған. Нәтижесінде қарындастарын қорғау үшін келген жігіт соққыға жығылады. Қақтығыстың қалай басталғаны видеоға жазылып қалған. Кадрдан төбелестің сауда орталығының сыртында болғанын көруге болады. Полицейлер әлі күнге дейін төбелеске кінәлілерді таба алмауда.

Желі қолданушылары қыздарға тиісіп, кейіннен олардың ағасын ұрған ер адамдардың әрекетін сынап, олардың бұл әрекеттері жазасыз қалмайды деген сенімдерін жасырмаған.

Полиция өз кезегінде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.