Қызметкерлеріне қол көтерген полицей жұмыстан босатылды

0
685

Оқиға 2020 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған.


Қызметкерлеріне қол көтерген полицей жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуаныш Бекқожаев қол астындағыларға қол көергені үшін қызметінен босатылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін "Время" газетінің журналисі Михаил Козачковтың Telegram-каналында бірнеше видео пайда болған. Бірінші видеода полицей формасын киген адам басқа бір ер адамға күш қолданғаны көрсетілген.

Тағы бір видеода ер адам тәртіп сақшыларын арқасынан итеріп жіберген.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің өзара сөзге келіп қалғаны туралы видео анықталды. Оқиға 2020 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған.
Осы дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ПБ бастығы Қуаныш Бекқожаев қызметінен босатылды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілдері.