Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізі тола бастады

0
784

Биыл түскен мол судан теңіз деңгейі 22 сантиметрге көтеріліп, су айдыны тола бастады.


Қызылорда облысындағы Кіші Арал теңізі тола бастады

ERNUR.KZ. Биыл Сырдария өзенінде су мол. Соның арқасында Қызылорда облысындағы көлдер жүйесі қалыпқа келе бастады. Әсіресе, қуаңшылық кезінде деңгейі түсіп кеткен Кіші Арал теңізіне бүгінгі күні бір миллиард текше метрден астам су құйылды, деп жазады zakon.kz.

Дариядан өз еншісін ала алмай келген Кіші Арал тұзданып, балық шаруашылығына үлкен қауіп төнген еді. Себебі, соңғы үш жылда теңіз қатты тартылып, ондағы су көлемі 27-ден 18 миллиард текше метрге азайып кеткен болатын.

Бірақ, биыл түскен мол судан теңіз деңгейі 22 сантиметрге көтеріліп, су айдыны тола бастады. Қазіргі таңда Ақлақ тоспасынан Кіші Аралға секундына 180 текшме метрге дейін су жіберіледі. Мамандар көктемде бұдан да көп көлемде су келеді деп болжап отыр.

"Вегетацияға дейін барлық осы суды 160-200 текше метр көлемінде су жіберіледі. Барынша мүмкіндігінше Арал теңізіне су жіберіледі. Кем дегенде осы 2 миллиардқа жақын су түседі деп отырмыз", - дейді Зейнулла Қазтуғанов, «Арал-сырдария бассейндік» инспекциясының бөлім басшысы.