Қызылордада 27 оқушы уланып қалды

0
289

Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейі баллонын қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.


Қызылордада 27 оқушы уланып қалды

Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қызылорадада 27 оқушы уланып қалған, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы көпбейінді облыстық балалар ауруханасынаның басшылығы хабарлады sputnik.kz.
"Оқушылардың неден уланғанын білмейміз, бірақ 27 оқушының жеткізілгені рас. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, балалар естерін біледі, тамақ іше алады. Қазіргі күні емделіп жатыр, 3-4 күнде үйлеріне шығарылады", - деді Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық балалар ауруханасының мамандары.
Ал полиция тергеу жүріп жатқанын айтты.
"Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейі баллонын қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.
Ал қалалық білім бөлімі қандай да бір ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты.