Қызылордада автомобиль және смартфонға қажет шыныларды шығару жоспарланды

0
618

​Ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуі құрылады. Мұның арқасында бұрын импортталып келген тауарларды өзімізде шығара бастаймыз.


Қызылордада автомобиль және смартфонға қажет шыныларды шығару жоспарланды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, "Орда-Glass" ЖШС шыны зауыты базасында автомобиль шынылары, шыны талшықтары, шыныдан жасалған ыдыстар, ыдыс-аяқ, терезе шынылары мен смартфондарға арналған жұқа шынылар өндіретін шағын зауыттар сала отырып, шыныдан дайындалатын бұйымдар өндірісін пысықтай бастадық", - дейді Өскенбаев.

Оның айтуына қарағанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қатысты осындай тәсілдер қолданылады.

"Ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну есебінен, бұрын импортталған тауарлар оқшауланатын болады", - дейді Өскенбаев.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпорындардың 4 трлн теңге көлеміндегі тауарлары сатып алынған, оның ішінде импорт көлемі 2,9 трлн теңге болған.